Қарсыласуды қолдайтын мемлекеттер бірігуі қажет
Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Қазіргі жағдайда мұсылман елдері дұшпандарға қарсы табандылық көрсету үшін бірігуі қажет",- деді.
Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) кеңсесінің мүшесі Иззат Рашқпен кездесуінде: "Өткен тәжірибелерімізден сабақ ала отырып, Қарсыласу қозғалысын қолдайтын мемлекеттердің бірігуі арқылы дұшпанға қарсы тұруымыз қажет",- деп қуаттады.
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) кеңсесінің мүшесі Иззат Рашқ бұл кездесуде ИИР-дың аянбай Палестина мәселесіне қолдау көрсетуіне алғыс білдіріп: "Барша мұсылман мемлекеттері Палестина мәселелерінің шешілуі үшін атсалысуы тиіс",- деді.
Лариджани сонымен қатар Теһранда Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы шейх ул-ислам Аллахшукур Пашазадемен кездесуінде: "Қазір ислам әлемі белгілі бір дағдарыс жағдайына тап болып отыр. Бұл мәселелер сұхбаттасу арқылы шешілуі тиіс.
"Исламдық қозғалыс" атты бір экстремистік топ мұсылман елдерінің олармен күресуге күш жұмсауына себеп болды. Дәл осы мәселе мұсылмандардың дұшпандарына мүмкіндік берді. Бірақ бұл мәселенің алдын алу керек",- деп баса айтты.
Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы шейх ул-ислам Аллахшукур Пашазаде де кездесу кезінде: "Менің ойымша, ислам әлемі бұдан да көбірек бірлік пен ынтымақты қажет етеді. Ал қақтығыстар мен алауыздықтар мұсылмандардың дұшпандарын тек қуантады",- деді.