Башар әл-Джафари: Стаффан де Мистурамен өткізген келіссөздер пайдалы болды
Сирия үкіметінің келісімгер тобының басшысы БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен өткен Женевадағы келіссөздерді пайдалы болды деп бағалады.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Сирия үкіметінің келісімгер тобының басшысы әрі БҰҰ-дағы Сирия өкілі Башар әл-Джафари жұма күні Женевада: «Келіссөздер ағымында Сирия дағдарысын бөгделердің араласуынсыз саяси жолмен шешуге күш салдық. Бұл келіссөздер Сирия дағдарысын бөгделердің араласуынсыз «сириялық-сириялық» келіссөздер үшін ұсынылған құжат негіздері бойынша шешуге талпыныс жасады»,- деді.
БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура Женевадағы Сирияның бейбітшілігі туралы келіссөздердің қазіргі кезеңінің 24-ші наурызда аяқталатыны туралы хабарлады. Де Мистура жұма күні өз мәлімдемесінде келіссөздерге қатысатын топтардан Сириядағы саяси үдеріске қатысты ұстанымдарын анықтауды сұрады.
Де Мистура сонымен бірге келіссөздерге қатысып отырған әр топқа өзінің сұрақтарын таратты. Бұл сұрақтар саяси өтпелі үдеріс пен Конституция және сайлауларға қатысты болды.