12-ші үкіметтің екі бағдары – экономика және көршілермен байланыс
(last modified Thu, 10 Aug 2017 11:17:29 GMT )
Там 10, 2017 17:17 Asia/Almaty
  • 12-ші үкіметтің екі бағдары – экономика және көршілермен байланыс

Иран Сыртқы істер министрі лауазымына ұсынылған үміткер: «12-ші үкіметтің сыртқы саясат саласындағы екі бағдары – экономика және көршілермен байланыс орнату. Мен мұны өз бағдарламамда айтқанмын»,-деді.

12-ші үкіметінің Сыртқы істер министрі лауазымына ұсынылған  Мұхаммад Джавад Зариф Мәжілістің тәуелсіздер фракциясының жиналысында журналистер ортасында: «Мәжіліспен әріптестік жасау – министрлікке үміткер болу кезеңінде де, бұл жауапкершілікті алған кезде де сақталуы тиіс міндеттердің бірі»,-деді.

Зариф: «Әрқашан Мәжіліс үкіметке, әсіресе түсіністікті қажет ететін сыртқы саясатта қолдау көрсетіп отырды. 12-ші үкімет кезінде де солай болады деп үміттенеміз»,-деді.

Сыртқы істер министрі лауазымына ұсынылған үміткер «Тәуелсіздер фракцияның сенім дауысына ие боласыз ба, жоқ па?» деген сұраққа: «Мұны фракция мүшелерінен сұрау керек»,-деп әзілмен жауап берді.

«11-ші үкіметте қызықсаңыз да, орындауға мүмкіндік болмай, 12-ші үкіметте аяқтағыңыз келетін қандай шаралар бар?» деген сұраққа Зариф: «Мен өз бағдарламамда 12-ші үкіметтің сыртқы саясатында басымдық беретін екі бағдарға тоқталғанмын. Оның бірі экономика болса, екіншісі – көршілес елдер»,-деді.