«Ортақ қадам» бағдарламасын бұзуға қатысты Иранның реакциясы Американы тосылтады
(last modified Fri, 11 Aug 2017 04:35:09 GMT )
Там 11, 2017 10:35 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бағдарламасын бұзуға қатысты Иранның реакциясы Американы тосылтады

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Салехи: «ИИР егер «Ортақ қадам» бағдарламасының бұзылуына реакция білдіргісі келсе, Америка мен одақтастарын қапыда қалдыратын болады» деді.

Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы Али Акбар Салехи «mashreghnews» хабар-сараптамалық сайтына берген сұхбатта Иранның Батыстың, әсіресе Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру үдерісі жолындағы уәде бұзушылықтары мен кедергі келтіруіне қатысты ықтималды реакциясы туралы айтқан сөзінде: «Иран техникалық тұрғыдан қарсы тарапты қапы қалдыратын бұрынғы үдеріске оралуға дайын. Бірақ ондай жағдайдың орын алғанын қаламайды. Иран «Ортақ қадам» бағдарламасы бұзылған жағдайда бір жарым жылда уран байытудың 100 000 SW деңгейіне жете алады. «Фордо» нысаны да бірнеше күннің ішінде уранды 20 пайызға байыту ісін қайта бастай алады. Еуропа елдері Иранмен жасалған ядролық келісімнің бұзылғанын қалмайды. Американың «Ортақ қадамға» қатысты ықтималды әрекетімен Иран мен келісімге қол қойған басқа елдер бір жақ болып, Америка жалғыз қалады» деді. 

 

Тегтер