АҚШ Иранның алдында қауқарсыздық танытуда
(last modified Fri, 11 Aug 2017 11:02:23 GMT )
Там 11, 2017 17:02 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның алдында қауқарсыздық танытуда

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары срдар Салами АҚШ-тың үлкен елдерді басып алып, ірі алпауыттардың жойылуына себеп болғанын айтып: «Соған қарамастан бүгінде АҚШ Иранның алдында қауқарсыздық танытуда»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы сардар Хосейн Салами бейсенбі күні кешке Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман облысында: «Бүгінде ИИР-ның ірі дұшпандардың сап түзеуіне қарсы тұрып, ешбір қорқынышсыз өзінің аумақтық тұтастығы мен азаттығын қорғап, дұшпандардың сағын сындыруы шәһидтердің қоғамның бойына сіңірген биік рухтың арқасында орын алуда.

Ливанда Хезболла жарқырай көрінді. Ол қазір аймақтағы саяси өзгерістер мен қатыстарда белді ойыншы ретінде қарсыласудың басты өзегіне айналды. Оның ықпалы әлемдік сипатқа ие болды. Сирияда да үстемшілдер орталық қарсыласу өзегін бұзуды көздеді. Алайда Ислам революциясы жетекшісінің жолнұсқауларымен олардың сәттілікке жететін жолы жабылды. Олар майданда басымдыққа ие емес»,-деді.