Ислам революциясының жетекшісі Машһадтағы шәһидтердің отбасыларында болды
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Машһад сапарында хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.) кесенесін зиярат еткеннен кейін бірнеше шәһидтің отбасыларымен кездесіп, Қасиетті қорғаныс жылдары мен Ахл-е бейттің қасиетті жерлерін қорғау барысында шәһид болғандардың жоғары орнын мадақтады.
Хазірет аятолла Хаменеи шәһидтердің отбасылармен кездесуінде Иран үкіметі мен бүкіл халқының бірінші кезекте шәһидтерге, содан кейін шәһидтердің отбасыларына қарыздар екенін айтып: «Барша жұрт шәһид болу, шәһидтер мен олардың отбасыларын ұмыту саясатына қарсы тұруы керек»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, Ахл-е бейттің қасиетті жерлерін қорғаған шәһидтердің отбасыларымен кездесуде: «Бұл шәһидтер шынымен-ақ исламның жарқын бейнесін көрсетті»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Сирияның Алеппо қаласын ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат ету тақырыбына тоқталып: «Алеппо мәселесінің маңызды болғаны соншалықты, АҚШ пен сионистік режимнің Сириядағы және аймақтағы барлық есептемелерін бұзып, шәһидтердің қанының зая кетпеуіне себеп болды»,-деп қуаттады.