Обама ирандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
АҚШ Президенті ирандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Барак Обама сенбі күнгі бейне жолдауы арқылы парсы сөздерін қолданып, Наурызға қатысты арнайы рәсімдерді атап, ирандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Обама жыл сайын АҚШ Президенті ретінде ирандықтармен тікелей екі ел арасындағы жаңа қарым-қатынастардың басталуы туралы сөйлесу үшін мұрсатты пайдаланатыны туралы уәж айтты.
АҚШ Президенті наурыздық жолдауында ядролық келісімге тоқталып: «Көптеген онжылдықтардан кейін бірінші рет Иран мен АҚШ-ның қарым-қатынастарында өзгеше мұрсат туды. Иран халқы келешекте санкциялардың күштерінің жойылуының әсерлерін байқайтын болады»,- деді.
АҚШ Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық саладағы артықшылықтарына тоқталып, Иранға сапар шегетін адамдарға 90 күндік жеңілдетілген виза беруге тыйым салатын жаңа заңды бекіткеніне сілтеме жасамастан: «Ядролық келісім ирандық студенттердің шетелдерде білім алу үдерісін жеңілдетті»,- деген уәж айтты.