Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аймақ пен әлем үшін пайдалы
https://itolqyn.com/news/iran-i29852
ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын аймақ пен әлемнің мүддесі үшін пайдалы деп бағалап: "«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына зардап келтіретін әр адам өзі мен еліне зардап келтіреді»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 13, 2017 22:15 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аймақ пен әлем үшін пайдалы

ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын аймақ пен әлемнің мүддесі үшін пайдалы деп бағалап: "«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына зардап келтіретін әр адам өзі мен еліне зардап келтіреді»,- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани  жексенбі күні өткен үкімет отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы сөздеріне тоқталып: «АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын АҚШ тарихындағы ең жаман келісім деп атағаны дұрыс емес. Өйткені, аталмыш келісім «ұтыс-ұтылыс» емес, екі жақ үшін де ұтысты қарастырды. Егер АҚШ ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы шықса, бүкіл әлем АҚШ-қа қарсы тұрады. Өйткені, әлем мемлекеттері ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлсіреткісі келетін адамға қарсы»,- деді.

Рухани сонымен бірге тамыздың 5 күні өткен Иранның 12-ші президенттік кезеңінің ұлықтау рәсіміне 130 шетелдік қайраткер мен әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың 105 өкілінің қатысуына сілтеме жасап: «Кейбіреулер Иранды әлемге оқшауланған ел етіп көрсетпек, бірақ әлем дауыстап, Иранның оқшауланбағанын жариялады»,- деп қуаттады.