Жетекші Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасын, хатшысы мен мүшелерін тағайындады
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жарлық шығарып, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасын, хатшысы мен мүшелерін бес жылдық мерзімге тағайындады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жарлықта аятолла сейіт Махмұд Хашеми Шахрудиді ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы, Мохсен Резаиді хатшы етіп тағайындады.
Сондай-ақ, Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы жарлықта жалпы саясат жиынтығын ретке келтіріп, атаулар мен оларды белгілеу және реттеу үдерісін қайта қарап, саясаттардың орындалуын бақылау мәселесін тиянақтап, саясаттардың тиімділігін мен әсерлілігін бағалау үшін қажет механизмді құрып, әкімшілік басқару құрылымында біртұтастықты арттырып, бекітілген ережелер негізінде бағдарламаларды шоғырландырып, қажет құрылымдарды құруды тездетіп, қайталамалы әрі қажетсіз бөлімдерді жою керектігін қуаттады.