Иран мен Ресей көбірек кеңесуі керек
Иран мен Ресей президенттері аймақ мәселелерін шешу саласындағы Теһран мен Мәскеудің кеңесуін арттыру қажеттілігін қуаттады.
ИИР Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы байланыста Теһранның негізгі саясатының өзіне көршілес елдермен, соның ішінде Ресеймен стратегиялық қарым-қатынастарын дамыту екендігін қуаттады.
Иран Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының көпжақты келісім әрі АҚШ-тың әрекеттерінің өз міндеттемелерін бұзу екендігіне тоқталып: «Ресей «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нығайтып, келісімге қатысқан барлық жақтардың міндеттемелерін іске асыруына қатысты кеңесу жүргізуі қажет»,- деді.
Владимир Путин де Иран мен Ресейдің іске асырған талпыныстарын аймақтың жағдайын қалыптастыру саласында жақсы нәтижелерге жетті деп бағалап: «Теһран мен Мәскеу екіжақты кеңесулер мен ынтымақтастықтарды кеңейтіп, Йемен халқына қажет гуманитарлық көмектерді жеткізуді жеңілдету үшін жағдай тудыра алады. Иранның Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің есебі бойынша «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне табанды болды. Аталмыш келісімнің келіссөздерге қатысқан кез келген ел тарапынан бұзылуы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзу саналады»,- деді