Иран Президентінің наурыздық жолдауы
(last modified Sun, 20 Mar 2016 12:44:43 GMT )
Нау 20, 2016 18:44 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің наурыздық жолдауы

ИИР Президенті хиджри шамси күнтізбесінің 1395-ші жылының басталуына орай жасаған наурыздық жолдауында Иран халқының өткен жылдағы үлкен жетістіктерінің кейбіреулеріне тоқталып, 1395-ші жылды «Иранның ұлы халқына лайықты Иран» құрылатын «үміт пен талпыныс» жылы деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани бүгін, жексенбі күні хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395-ші жылдың басталуына орай ирандықтар мен ұлыстың ұлы күнін тойлайтын барлық халықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап: «Өткен жыл мақтаныш, ұмытылмайтын оқиғалар, үлкен жеңістер, алпауыт елдер алдында қол жеткізілген табыс және Иран халқының дамуы үшін қажет жағдай жасаған жыл болды»,- деді.

Рухани наурыз рәсімін достық пен татуласу рәсімі деп атап: «Бұрынғы жылдары әлемдіктер үшін Иран халқына қарсы қоқан-лоққы жасауға сылтау болған мәселе, яғни ядролық жұмыстар әлем халықтарының Иранмен ынтымақтастық жасау факторына айналды. Әлемдіктердің көзқарасы бойынша, кеше тыйым салынған мәселе бүгін құнды жұмысқа айналды. Бүгін бұл мәселе ресми қабылданды»,- деп баса айтты.

ИИР Президенті халықтың әртүрлі таптарының бірлігінің қажеттілігін қуаттап: «Иран халқы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тілеулестік білдіріп, оны сындарлы нәтидеге жеткізіп, санкциялардың күшін жойып, экономикалық саладағы жұмыстар үшін жағдай тудырды. Иран халқы өткен жылы келесі үлкен ерлік жасап, Ислам Кеңесі мәжілісі мен діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісінің сайлаулары өткен 26-ші ақпанды әлемдіктерге Иранның ұлттық құдыреті, тыныштығы мен тұрақтылығы ретінде көрсетті» деп мәлімдеді.