Егер АҚШ көбірек санкция салатын болса, Иран «Ортақ қадам» бағдарламасынан шыға алады
https://itolqyn.com/news/iran-i29936
ИИР-ның Президенті Рухани: "АҚШ Иранға қарсы санкция салуын жалғастыра беретін болса, Иран аз уақыт ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бардарламасынан шығып кете алады",-деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 15, 2017 23:31 Asia/Almaty
  • Егер АҚШ көбірек санкция салатын болса, Иран «Ортақ қадам» бағдарламасынан шыға  алады

ИИР-ның Президенті Рухани: "АҚШ Иранға қарсы санкция салуын жалғастыра беретін болса, Иран аз уақыт ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бардарламасынан шығып кете алады",-деп баса айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұсынылған министрлерге қатысты сенім дауысын қарастыруға арналған  жиналыста: "АҚШ-тың мемлекеттік қайракерлері өткен үкіметтердің санкция мен қысымға негізделген сәтсіз тәжірибелерін  келіссөздер үстеліне әкеліп, сол бұрынғы тәжірибелеріне қайта оралғысы келсе, Иранның тез арада келіссөздердің басындағы жағдайдан әлдеқайда ілгері жағдайға қайта оралатынын білуі тиіс. АҚШ үкіметінің сылтау іздеуі мен уәде бұзушылығының себебі – Иранның міндеттемелерге беріктігін сақтап, өз құқықтарын орындаудағы сәттілігі мен АҚШ-тың шектен тыс талап етушіліктегі жеңілісі. Соңғы айларда дүниежүзі АҚШ-тың халықаралық келісімдерді, сондай-ақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сан рет бұзып, Париж келісімі, Куба келісімі, "Нафта" деп аталатын Солтүстік Америка еркін сауда келісімін бұзғанын көрді.

Аймақтың қиындықтары тек аймақта ғана шешіледі. Иран тұрақты айлақ ретінде көршілес елдерге достық қолын созып, бейбітшілік пен тыныштықтың орнауын қалайды",-деп қуаттады.