Лариджани Ливан Хизболласының 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы жеке жолдауларында Ливан Мәжілісінің Төрағасы Наби Бари мен Хизболланың Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланы Ливанның 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады.

«Ханейе Меллат» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани сейсенбі күні Ливан Мәжілісінің Төрағасы Наби Бариге жіберген жолдауында: «Илаһи көмек, Ливан халқы мен басшыларының бірлігі мен ынтымақтастығы және исламдық қарсыласу ерлерінің жанкештілігі мен батылдығының арқасында қол жеткізілген мақтан тұтатын жеңіс мұсылман халықтардың беделі мен абыройына және сионистік басқыншы режимнің үмітсіздігіне себеп болды»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сонымен бірге Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насроллаға арнаған жолдауында ол кісінің көреген стратегиясына тоқталып: «Исламдық қарсыласудың заманауи тарихындағы бұл жеңіс Ливанның исламдық қарсыласуы қаһармандарының жанкештілігінің арқасында орын алды»,- деп қуаттады.