Иран халқы Ирактың тұтқынынан босап қайтқан сарбаздардың алдында қарыздар
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің басшысы Иран халқының Ирактың тұтқынынан босап қайтқан сарбаздардың алдында қарыздар екенін баса айтып: "Ирактың тұтқынынан босап қайтқан сарбаздар Ирактың бұрынғы Саддам диктаторлық режимімен екі майданда күресті",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Али Лариджани бейсенбі күні: "Ирактың тұтқынына түскен сарбаздар Саддам режимімен бір рет соғыс майданында, екінші рет абақтылар мен түрмелерде күрес жүргізді",- деді.
1990 жылы тамыздың екісі күні Исламдық Иран ұзақ жылдар бойы Ирактың Баас режимінің қорқынышты абақтыларында болған сарбаздардың тұтқындықтан босап, өз отанына оралуына куә болды.
Ирактың тұтқынында болған сарбаздардың ұзақ жылдар бойы ауыр азаптаулардан кейін отанға оралуы Иран халқының дұшпанға қарсы парасаттылықпен қарсыласуы мен Ислам революциясы жетекшісінің анықтаған стратегиялары шеңберінде әрекет етудің нәтижесі саналады.
Ирактың тұтқынында болған сарбаздардың исламдық отанына оралуы олардың принциптер мен армандарға берік болуы мен сегіз жылдық Иран-Ирак соғысы кезінде Иранның қас дұшпандарының үстемшілдік талап етуіне табандылық көрсетудің жемісі болып табылады.