ДАИШ Иранның шекараларына жақындауды елестете де алмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i29994
ИИР Әскері бас қолбасшысының орынбасары Амир Пурдастан: "Иран Қарулы күштерінің қуатын көрсетуі ДАИШ лаңкестік тобының Иранның шекараларына жақындауды ешқашан елестете алмауына себеп болды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 18, 2017 07:32 Asia/Almaty
  • ДАИШ Иранның шекараларына жақындауды елестете де алмайды

ИИР Әскері бас қолбасшысының орынбасары Амир Пурдастан: "Иран Қарулы күштерінің қуатын көрсетуі ДАИШ лаңкестік тобының Иранның шекараларына жақындауды ешқашан елестете алмауына себеп болды",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, бригада генералы Амир Ахмад Реза Пурдастан Иранның батысындағы Хамадан қаласында: "Аймаққа төніп тұрған азын-аулақ қауіп-қатерлерге қарамастан, Иран шекараларындағы бөлімшелердің дайындығы өте жоғары.

Соғыс қиындықтарынан мүлдем қорықпайтын және қорғаныстық әлеуетке ие халық – аймақтағы қазіргі жағдайда жеңіске жететін  халық",- деді.

ИИР Әскері бас қолбасшысының орынбасары дайындық күйде болудың маңызды артықшылықтарының бірін халық үшін психологиялық қауіпсіздік орнату деп атап: "Қарулы күштердің дайындығына куә болған халықтың көңілі тыныш болады",- деп мәлімдеді.