Иран 4-5 күннің ішінде уранды 20 пайызға байыту ісін қайтадан бастай алады
(last modified Tue, 22 Aug 2017 16:14:39 GMT )
Там 22, 2017 22:14 Asia/Almaty
  • Иран 4-5 күннің ішінде уранды 20 пайызға байыту ісін қайтадан бастай алады

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы АҚШ-қа "Ортақ қадам" жан жақты бағдарламасын бұзуға қатысты ескерту жасап: "Бұл ұйым Форду ядролық нысанында 5 күн ішінде уранды 20 пайызға байытуды қайта бастай алады",-деп қуаттады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында "Ортақ қадам" бағдарламасының АҚШ тарапынан бұзылуы мен Иранның әрекеттері жайында: «Теһран Форду ядролық нысанын "Ортақ қадам" бағдарламасында  қалаған кезде 4-5 күнде-ақ уранды 20 пайызға байытуды қайта бастай алатындай етіп бекітті»,-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы, сонымен қатар Теһранның "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуға қарсы тұру үшін жасайтын басқа әрекеттеріне тоқталып, Иранның атом индустриясының үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.

Салехи Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына әлі де берік екенін қуаттап: "Иранның басты бағдары – "Ортақ қадам" жан жақты бағдарламасын сақтап қалу. Теһран бұл келісімді өзінің ұлттық, аймақтық, халықаралық мүдделері аясында және ядролық қаруларды өндіру мен таратуға тыйым салу (NPT) хаттамасы негізінде жасалған санайды» деді.

 

 

Тегтер