БҰҰ АҚШ коалициясының Сирияның солтүстігіне шабуыл жасағанына алаңдаушылық білдірді
(last modified Wed, 23 Aug 2017 16:02:48 GMT )
Там 23, 2017 22:02 Asia/Almaty
  • БҰҰ АҚШ коалициясының Сирияның солтүстігіне шабуыл жасағанына алаңдаушылық білдірді

БҰҰ АҚШ коалициясының Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына әуе шабуылын жасағанына алаңдаушылық білдірді.

Russia Today ақпарат арнасының хабарлауынша, БҰҰ-ның ақпарат хатшысы Стефан Дюджарик: "24 сағаттың ішінде АҚШ коалициясының Ракка қаласына жасаған әуе шабуылдары салдарынан көптеген бейбіт тұрғын қаза тауып, жараланды. Бұл алаңдаушылық тудыратын жайт.

Сейсенбі күні АҚШ коалициясының Ракка қаласындағы Харе әл-Сахани ауданына  жасаған әуе шабуылы салдарынан 30-дан астам адам қаза тапты. Бұл тақырып Сирияның көптеген жерлеріндегі қақтығыстарда соғыстың құнын бейбіт тұрғындардың төлеп жатқанын көрсетеді»,-деді. 

Қазіргі таңда Ракка қаласының ондаған мың тұрғыны аптап ыстықта қауіпті де нашар жағдайда қалып отыр. Олардың тіпті қашатын еш мүмкіндіктері жоқ.

АҚШ-тың саяси мәселелер жөніндегі сарапшысы Николас Дэвис осы тұрғыда: "АҚШ Ирак пен Сирияда қаза болған бейбіт тұрғындардың жауапкершілігін өз мойнына алмайды",-деді.

АҚШ соңғы жылдары лаңкестікпен күрес сылтауымен Сирия мен Иракта бейбіт тұрғындарды сан рет нысанаға алды.