Ливанға сапардың мақсаты бұл елдегі саяси және мазхабтық тату тіршілікті қолдау болды
ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Ливанға сапардың мақсатын бұл елдегі әралуандық, тату тіршілік пен ұлттық бірлікті қолдау деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хосейн Джабери Ансари сәрсенбі күні кешке Ливанға жасаған үш күндік сапарының соңғы күні «әл-Марда» ағымының басшысы әрі Ливанның көрнекті христиан саясаткерлерінің бірі Сүлейман Фаранджиемен кездесуден соң өткен баспасөз конференциясында ИИР-ның қазіргі дағдарыстарды шешу үшін аймақтық деңгейде келісімге келуді әрдайым бар күш-қуатымен қолдайтынын қуаттап: «Иран бұл жолда аянып қалмайды.
ИИР, сонымен қатар, өзінің барлық күш-қуатын аймақ пен Ливанға қауіп төндіріп отырған сионистік режим мен тәкфирлік лаңкестік атты екі қатермен күресуге жұмсап келді. Бұдан былай да бұл жолды жалғастырады»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Ливанды сионистік режим мен әлемдік алпауыттардың шектен тыс талап етушіліктеріне қарсы табандылықтың жақсы үлгісі деп атап, Ливандағы бұл мәдениеттің бүкіл аймақтың мәдениетіне айналуына үміт білдірді.