Иран көршілерінің қарым-қатынасты жақсарту бағытындағы әрбір сындарлы қадамын қолдайды
https://itolqyn.com/news/iran-i30208
Иран СІМ ақпарат хатшысы: "ИИР көршілес елдердің өзара қарым-қатынастарды жақсарту мен нығайту мақсатындағы әрбір сындарлы және оң қадамын қолдап, құрметтейді",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 24, 2017 22:27 Asia/Almaty
  • Иран көршілерінің қарым-қатынасты жақсарту бағытындағы әрбір сындарлы қадамын қолдайды

Иран СІМ ақпарат хатшысы: "ИИР көршілес елдердің өзара қарым-қатынастарды жақсарту мен нығайту мақсатындағы әрбір сындарлы және оң қадамын қолдап, құрметтейді",- деді.

Баһрам Ғасеми Катар және Иран Сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сұхбаты туралы хабарды растап: "Бұл сұхбат кезінде катарлық тарап өз елшісін Теһранға қайтаруға ниет білдірді. Иран Катар үкіметінің бұл әрекетін қолдады.

ИИР-ның негізгі және тұрақты саясаты барлық көршілес елдермен қарым-қатынасын дамыту болған және солай болып қала береді. Иран өзара сыйластық пен ортақ мүдделерді сақтау шеңберінде барлық көршілес және айналасындағы елдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға әрдайым дайын",- деп мәлімдеді.