Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері "Хатам ул-Анбия" әуе қорғаныс базасын құруды ИИР мақтаныштарының бірі деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызметінің ақпарат тарату торабының хабарлауы бойынша, ходжат ул-ислам ал-муслимин Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында ИИР Әскерінің "Хатам әл-Анбия" әуе қорғаныс базасы құрылуының алдағы жылдығымен құттықтап, Иран Қарулы күштерін, соның ішінде Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен ИИР Әскерін Иранның мақтанышы деп атап, оларды «дұшпандардың көзіне қадалған кірген тікен» сияқты сипаттады.
ИИР Әскерінің "Хатам ул-Анбия" әуе қорғаныс базасы х.ш.ж.с.б 1387 жылы шаһривар айының оны, сәйкесінше 2008 жылы тамыздың отыз бірі күні Ислам революциясы жетекшісінің тарихи маңызды бұйрығымен құрылған болатын.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ Иранда "Үкімет апталығының" басталуымен құттықтап, иман мен нағыз сенім және қажырлықты ИИР әскери басшыларының бойындағы қасиеттер деп атады.