Лаңкестер Ауғанстан халқының бірлігі мен ынтымағын нысанаға алды
Иран СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми лаңкестердің жұма күні Кабулдағы имам Заман атындағы мешітке шабуылын айыптап, Ауғанстан Үкіметі мен халқына тілектестік білдірді.
Баһрам Ғасеми жұма күні кешке лаңкестердің Ауғанстан халқының бірлігі мен ынтымағын нысанаға алғанын баса айтып: "Қасақана діни келіспеушіліктерді ушықтыру мен Ауғанстанның сабырлы халқының бірлігін бұзу жойылып бара жатқан лаңкестердің осы қылмыстарының негізгі мақсаты саналады.
Ауғанстан Үкіметі мен халқы ынтымақ және қырағылықытың арқасында әдеттегідей лаңкестер мен олардың демеушілерінің көңілін қалдыруы тиіс",- деді.
ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері жұма күні түсте Кабулдағы имам Заман атындағы мешітке шабуыл жасап, ауғандық намазхандарды шәһид етті. Лаңкестік шабуыл салдарынан кемінде 20 адам шәһид болып, көп адам жараланды.