Иран үкіметінің мақсаты – кедейшілікпен күресіп, əлеуметтік əділет орнату
https://itolqyn.com/news/iran-i30254
ИИР Президенті Рухани сенбі күні Министрлер кабинетінің Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде кедейшілікпен күресіп, əлеуметтік əділет орнатуды Иран үкіметінің мақсаты деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 27, 2017 15:02 Asia/Almaty
  • Иран үкіметінің мақсаты – кедейшілікпен күресіп,  əлеуметтік əділет орнату

ИИР Президенті Рухани сенбі күні Министрлер кабинетінің Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде кедейшілікпен күресіп, əлеуметтік əділет орнатуды Иран үкіметінің мақсаты деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани осы кездесуде он бірінші үкіметтің атқарған шаралары мен он екінші үкіметтің мақсаттары мен бағдарламалары жайлы есеп беріп: «Үкімет Иран халқына алдағы төрт жылда абсолюттік кедейшілікті тамырымен жоюға уәде берді»,-деді.

Рухани Иран үкіметінің алдындағы ең маңызды мәселенің  жұмыссыздық пен экономикалық қиындықтар екенін айтып: «Иран үкіметі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жылына 900 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға талпыныс жасайды»,-деді.

ИИР Президенті өнеркәсіп орындарын жаңарту, іргелі ғылымға негізделген экономикаға өзгеріс енгізу, мұнайдан тыс табыстарға сүйенуді үкіметтің бағдарламаларының қатарында атап: «Он екінші үкімет өткенмен салыстырғанда қиындықтармен көбірек таныс. Барша жұрт үкіметке елдің қиындықтарын шешуге көмектесуі керек»,-деп қуаттады.