Иран Президенті мен Министрлер кабинетінің мүшелері имам Хомейнидің (р.) армандарына адалдықтарын жариялады
ИИР Президенті Министрлер кабинетінің мүшелерімен бірге имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып, ИИР-ның негізін қалаушының армандарына адалдықтарын тағы растады.
ИИР Президенті Хасан Рухани он екінші үкімет мүшелерімен бірге жексенбі күні таңертең үкімет апталығының төртінші күнінде имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып, гүл шоғын қойып, «Фатиха» сүресін оқып, Иран Ислам революциясының ұлы сәулетшісіне құрмет білдіріп, имам Хомейнидің (р.) армандарына адалдықтарын тағы растады.
ИИР Президенті мен Министрлер кабинетінің мүшелері «Фатиха» сүресін оқып, Жүйе мүддесін анықтау алқасының бұрынғы басшысы аятолла Акбар Хашеми Рафсанджани мен Ислам революциясының шәһидтерін еске алды.
Иранның атқарушы билігінің басшысы мен Министрлер кабинетінің мүшелері, сондай-ақ, шәһидтер – Мұхаммад Әли Раджаи, Мұхаммад Джавад Бахонар мен Мұхаммад Хосейн Бехештидің қабірлеріне барып, «Фатиха» сүресін оқып, гүл шоқтарын қойып, ұлы шәһидтердің жоғары орнына құрмет білдірді.