Ислам революциясы жетекшісінің билік басындағыларға берген кеңестері
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хоменеи үкімет апталығына байланысты сенбі күні Иран Президенті мен министрлер кабинетінің мүшелерімен кездесуінде экономиканы тағы да Иранның шынайы бағдары деп атады.
Ислам революциясы жетекшісінің үкіметтің экономикалық мəселелерді шешуге талпыну қажеттігін баса айтуы бірнеше қырдан өте маңызды: біріншіден, əлсіз экономиканың бүлдіргі əсерлеріне көңіл бөлу. Мұның салдары өте ауыр əрі ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қымбатшылық, тоқырау, жұмыссыздық, қоғамның импорттық тауарларды тұтынуға тəуелділігі тəуелсіз мемлекет үшін осал тұстар саналады. Мұндай əлсіздіктің бір бөлігі шетелдік санкциялар мен қысымдардан туындауы мүмкін. Алайда, мұнайға тəуелділік бұл өнімнің əлемдік бағасы күрт түскенде экономиканы қатты есеңгіретіп тастайды. Бұл өте күрделі мəселе.
Осы мəселені назарға алып, Ислам революциясының жетекшісі экономиканы мұнайға тəуелділіктен арылту қажеттігін айтты. Бұл маңызды мақсат Иранның мүмкіндіктері, әлеуеттері мен адами ресурстары арқылы орындала алады. Бірақ, бұған қажет жайттар да бар. Қазіргі жағдайда үкімет басқа кезден көбірек белгілі бір бағдарламаға ие болып, білікті əрі тәуекелшіл кадрларды пайдалануды қажет етеді. Үкімет экономиканың басқа кез келген мақсаттардан маңыздырақ екенін ескеріп, макроэкономикалық саясаттарды бар күш-қуатымен ілгерілетіп, экономикалық мəселелердің басқа тақырыптардың тасасында қалуына жол бермеуі тиіс. Статистикалық мəліметтер мықты тұстардың барына қарамастан, атқарылған істер мен халықтың күтетіні арасында үлкен алшақтықтың барын көрсетеді.
Ішкі өнімді арттыру, шетелдермен сауда саласында технологиялармен алмасу, экономиканың маңызды бөліктерінің іргелі ғылымға негізделуі, елде сыбайлас жемқорлық жəне контрабандамен шынайы күресу Ислам революциясы жетекшісінің сан рет баса айтқан тақырыптарының қатарына жатады.
Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, дипломатия мәселесінде революциямызды мақтан тұтып, ұлттық нормаларға, яғни үстемшілдік пен зұлымдыққа қарсы тұру сияқты революциядан бастау алған нормаларға сай әрекет етуді құрмет санауымыз керек.
Дұшпан мақсатының санкцияларды қолдану жəне жүйені революциялық құндылықтардан алшақтату арқылы Иранның дамуының алдын алу екені күмəнсіз. Мықты да динамикалық экономикаға ие болу – осындай құндылықтардың бірі.
Ислам революциясы жетекшісінің кеше он екінші үкімет жұмысының басында министрлер кабинеті мүшелері алдында жасаған баяндамасы мына маңызды жайтты түсіндіреді: үкімет қазіргі түйткілдер мен санкциялардың жалғасуына қарамастан, экономиканың инфрақұрылымын нығайту саласында көбірек талпыныс жасап, қарсыласу экономикасы аясында тұрақты көрсеткіштерге жетуі керек.