Исламның жаңа ойлары Батыстағы вакуумды толтыра алады
(last modified Tue, 29 Aug 2017 11:49:39 GMT )
Там 29, 2017 17:49 Asia/Almaty
  • Исламның жаңа ойлары Батыстағы вакуумды толтыра алады

Иран Ислам революциясының жетекшісі: «Қазіргі таңда адамзат, әсіресе жастар жаңа идеяларды қажет етеді. Ислам адам, саясат, қоғам салалары бойынша жаңа әрі тартымды ойларға ие. Егер сол ойлар әлем халықтарының құлағына жетсе, міндетті түрде қабылданар еді»,- деп қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи дүйсенбі күні таңертең жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Теһран облысының діни оқу орталықтарының ұстаздары және шәкірттерімен кездесуінде: «Дүниежүзі деңгейінде марксизм мен либерализм идеяларының нәтижеге жетпеуі салдарынан пайда болған сергелдеңдіктен интеллектуалдық  вакуум қалыптасты. Бұл исламның жаңа ойларын ұсыну үшін мүмкіндік тудырды,- деді.

Ислам - кемел дін. Бұл дін адамды кемелдікке жеткізетін жолға нұсқау үшін жаратылыстану, ахлақ, ахкам және заңдардан тұратын толық топтама ретінде Алла тарапынан жіберілді. Адамның орнын Құран Кәрім тұрғысынан дұрыс түсіну исламның барлық салалардағы рақымдылығын дәлелдейді. Ислам дінінің адамға деген көзқарасы рақым мен ахлақты білдіреді. Ислам діні адамдарды алаламайды.  «Адам - ізгі жаратылыс» деген сөйлем жолдауға толы әрі ислам дінінің адамға деген көзқарасын білдіреді. Ислам дінінің адамға деген көзқарасы теңдік негізіне сүйеніп, Батыстағы марксизм мен либерализ идеяларының бүгінде интеллектуалдық вакууммен кезігіп, Батыстағы либерал-демократиялық қоғамның сергелдеңге ұшырағанын көрсетеді. Исламның көзқарасы бойынша, теңдік - барлық адамдар бірдей жаратылып, барлығы тең құқыққа ие. («Ниса» сүресі, 1-ші аят; «Зумәр» сүресі, 6-шы аят). Ислам дініне сәйкес, ұлт, мәдениет, тілдің түрлілігі мен басқа айырмашылықтардың  адамның теңдігіне әсерін тигізбейді. Ислам дінінің барлық адамдарға бірдей қарауы белгілі кезеңге байланысты емес. Қазіргі кезде де бұл пікір маңыздылығынан айырылған жоқ. Иранның исламдық қоғамында адамдардың құқықтары  тең әрі заң алдында бірдей жауапты. Тіпті, Ислам Кеңесі Мәжілісінде өкілдері бар Ирандағы аз сандылардың өмірі исламдық қоғамдағы барлық адамдардың құқықтарымен бірдей. Мұндай жағдай ИИР-ның исламдық тағылымдардан алынған саяси саладағы жүйесінде қарастырылған. Діни халық демократиясы деп аталған жүйе саяси саладағы халықтың маңызды рөлін көрсетеді. Халықтың саясат, қала мен облыс істеріне жаппай қатысуы Исламның жаңа ойларының белгісі. Иран халқы мен  елдің Ислам республикасы жүйесінің бір-біріне сенімі исламдық ойлардың саясатқа деген көзқарасын білдіреді. Алайда, Батыста, әсіресе либерал-демократиялық қоғамда халық шынайы дағдарыспен кезігіп, адамзат Батыста сергелдеңге ұшырап, саясатта ахлаққа орын қалмай, халық өзін үкіметпен байланысты сезінбейді. Сонымен бірге Батыс қоғамында құқықтар теңдігі де шынайы дағдарысқа кезігіп, терінің түсінің айырмашылығы адамдардың бір-бірінен артық болуының факторы болып отыр. Ислам дінің көңіл аударарлық ой-пікірге ие. Ислам революциясының жетекшісі  айтқандай, діни оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттері осы салада маңызды рөл атқарып, соларды әлемдіктердің құлағына жекізе алады.