Иран Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалуы жөніндегі есебі
https://itolqyn.com/news/iran-i30356
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалуы жөніндегі екінші алты айлық есебі бүгін, сейсенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында оқылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 29, 2017 23:36 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалуы жөніндегі екінші алты айлық есебі бүгін, сейсенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында оқылды.

Бұл есепте 8 бөлім қамтылған: есептің негіздері мен дереккөздері, Иран Ислам Республикасының міндеттемелерін орындауы, Иран Ислам Республикасының ядролық белсенділіктері, жойылған санкциялар, қалған санкциялар, АҚШ-тың уәде бұзушылығы, ИИР үкіметінің тиісті және қарымта шаралары, қорытынды және ұсыныстар.

Иран Мәжілісі ұлттық қауіпсіздік комитетінің есебінде: "ИИР Атом қуаты халықаралық агенттігі бас директорының  растауымен "Ортақ қадам" бағдарламасы бойынша бекітілген өз міндетемелерін орындады. Бұл беріктік ИИР жүйесінің әлемдік деңгейдегі іс-әрекеттерінде исламдық принциптерді ұстанатынын көрсетеді",-деді.

Сонымен қатар, бұл есепте АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты уәде бұзған жайттары айтылып: «Конгресте "ISA" деп аталатын Иранға қарсы санкциялар заңының бекітілуі; Иранның бірқатар жеке және заңды тұлғаларына қарсы ядролық емес жаңа санкциялар салуы; Иранның активтерінен миллиардтаған долларды тәркілеуі; Иранға қатысты адам құқықтары жайлы есептерді құрал ретінде пайдалану арқылы Иранға қарсы  жаңа санкция салуға талпынуы – осының барлығы АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу әрекеттерінің қатарына жатады» деп қуатталды.