Лаңкестік – әлемдік қауіпсіздікке қарсы күллі қауіптің тамыры
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы лаңкестікті дүниежүзілік қауымдастық алдындағы ең маңызды түйткіл жəне ұлттық құқықтар мен халықаралық тұрақтылыққа қарсы ең қауіпті сын-қатер деп атады.
Иран Мәжілісінің төрағасы Лариджани сәрсенбі күні "Лаңкестікпен күрес" күніне орай «Мұнафықтардан ДАИШ‑қа дейінгі терроризмнің құрбаны болған Иран» атты конгреске жолдауында: "Лаңкестік әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қарсы ең маңызды қауіп‑қатерлердің тамыры болып отыр. Соғыс пен қантөгіске, босқындық пен кедейшілікке ұшыраған көптеген ұлттар мен елдердің апатты жағдайы үстемшілдік пен лаңкестіктің жетістіктерінің бірі саналады",-деді. Лариджани алпауыт елдердің лаңкестік топтарды қалыптастырып, дамытудағы рөлі жайында: "ИИР халқы лаңкестік деген сұрқия құбылыстың құрбаны болды. «Мұнафықтар» лаңкестік тобы кейбір қарсылас елдердің саяси, қаржылай және жарнамалық қолдауына сүйеніп, көптеген террор жасау арқылы ИИР жүйесін жобалаушылар мен білікті мамандарды физикалық тұрғыдан жоюды көздеді",-деді. Ол ислам дінінің негіздерінің бүгінгі тәкфиршіл лаңкестердің ұсынған бейнесіне еш ұқсастығы жоқтығын айтып: "Ислам адам өлтіруге қарсы және әрдайым адамдардың қауіпсіздігі мен игілігін қалайды",-деді.