Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Сирия Президентімен кездесті
(last modified Thu, 31 Aug 2017 06:01:24 GMT )
Там 31, 2017 12:01 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Сирия Президентімен кездесті

ИИР-ның Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари Дамаск қаласында Сирия Президенті Башар Асадпен кездесті.

Кездесуде Джабери Ансари мен Башар Асад Сирия мен аймақтағы өзгерістер және лаңкестікпен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтарды талқылады.

Сирия басшылығымен кездесу үшін Дамаскқа барған Джабери Ансари сәрсенбі күні Сирияның Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллеммен кездесіп, Батыс Каламун биіктігінің ДАИШ пен ән-Носрат майданының лаңкестерінен тазартылуын Сирия мен қарсыласу қозғалысының саяси және майдандық жеңістерінің жалғасындағы үлкен жетістік деп атады.

Валид әл-Муаллем де  ИИР-ның халқы мен үкіметінің Сирияны қолдауына алғыс айтты.

Джабери Ансаридің Дамаск сапары сәрсенбі күні Теһранның БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураны қабылдаған кезіне тұспа-тұс келді.

Стаффан де Мистура Иран басшыларымен Сирия дағдарысы және оны саяси диалогтар арқылы шешу жайында кеңесті.