Зариф: АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мәтінімен таныс емес
(last modified Thu, 31 Aug 2017 09:10:56 GMT )
Там 31, 2017 15:10 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мәтінімен таныс емес

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты сөздерін оның ядролық келісімнің мәтінін білмейтіндігінен туындап отыр деп атады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли 23 тамызда Венада АҚХА-нің Бас директоры Юкио Аманомен кездескеннен кейін: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның әскери және әскери емес нысандарын тексеруге қатысты ешқандай айырмашылық жоқ»,-деген уәж айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф Никки Хейли қозғаған барлық салалардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында толығымен айқын да анық екендігін айтып: «АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің сөздері толығымен қате. Өйткені, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – растықты тексеру. Әрі оның аясы мен негіздерін белгілеп берген. Қазір осы келісімде айтылған шаралар атқарылып жатыр. 

Хейли өзінің қалауы мен арман-мақсаттары негізінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сын айта алмайды. Өйткені, бұл келісімнің белгілі бір аясы бар және онда барлық саланың шешім жолы айқындалған»,-деді.

 

Тегтер