Испания Израиль режиміне америкалық қару тасыған кемелердің тоқтауына рұқсат бермеді
(last modified Sun, 10 Nov 2024 11:28:41 GMT )
Қар 10, 2024 17:28 Asia/Almaty
  • Испания Израиль режиміне америкалық қару тасыған кемелердің тоқтауына рұқсат бермеді

ParsТoday- Испания 2 американдық кеменің айлақтауына рұқсат бермеді, өйткені олар сионистер үшін қару-жарақ алып жүрді.

Испания Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде: «31 қазанда Нью-Йорктен шыққан Maersk Denver және 4 қарашада Нью-Йорктен басып алынған Палестина жерлеріне аттанған Maersk Seletar кемелері Испанияда тоқтамауы керек»,- деп жариялады.

Parstodi агенттігінің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Испания парламентінің мүшелері Энрике Сантьяго бұған дейін осы елдің бас прокурорынан осы айдың 9-ы мен 14-і күндері Испанияның «Альгесирас» порты арқылы басып алынған Палестина жерлеріне өтуі тиіс екі американдық жүк кемесінің келуіне қатысты шаралар қабылдауды сұраған болатын.  

Сонымен қатар, Испания Қорғаныс министрлігі қарашаның 1-і күні мәлімдеме жасап, елдің Палестина мен Ливанда бейбітшілік орнатуға және Испания үкіметінің халықаралық заңдарды ұстануына сілтеме жасай отырып: «Израиль режимінің әскери компанияларына Мадрид 2025 әскери көрмесіне қатысуға тыйым салынды»,- деп жариялады.