Иран Оңтүстік Африкамен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделік танытады
ИИР-ның Президенті Рухани ОАР Парламентінің Өкілдер палатасының басшысымен кездесуінде Теһранның Африка құрлығындағы елдермен, әсіресе ОАР-мен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделік танытатынын мәлімдеді.
Рухани Теһранда ОАР Парламентінің Өкілдер палатасының басшысы Балека Мбетемен (Baleka Mbete) кездесуінде: "Теһран Преториямен экономика, кен және энергетика салаларында ынтымақтастықты одан ары арттыруды қолдап, ОАР-ға техникалық және инженерлік қызмет түрлерін көрсетуге дайын",-деді.
Рухани Иран мен ОАР Парламенттерінің өзара ынтымақтастықты арттырудағы рөлін маңызды санап, ынтымақтастықты дамыту қажеттігін қуаттады.
ИИР Президенті, сондай-ақ, Иран мен ОАР-дың халықаралық және аймақтық мәселелердегі ортақ көзқарастарына тоқталып: "Екі ел халықаралық деңгейде әріптестік жасап, әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылық және дамушы елдердің мүдделері үшін құнды талпыныстар жасай алады",-деді.