Билік теңгерімі Ислам революциясының мүддесіне өзгерді
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары аймақтағы биліктің Ислам революциясының мүддесіне қарау өзгеруіне байланысты Таяу Шығыс өзгерістеріндегі АҚШ-тың оқшауланғанын қуаттады.
«Sepah News»-тің мәліметі бойынша, Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары генерал Салами сенбі күні Машһадта сөйлеген сөзінде: «Билік теңгерімінің Ислам революциясының мүддесіне қарай өзгеруімен ислам әлемінің келешегінің тағдырына әсер ететін аймақтың негізгі ойыншысы ИИР болып табылады»,- деді.
Ол сондай-ақ Ислам революциясынан кейін дұшпанның ИИР-на соққы бергісі келгеніне тоқталып: «Сириядағы гибридтік соғыс дәл осы мақсатпен жүргізілуде. Бірақ қасиетті қорғаныс кезіндегі қарсыласу қайтадан жаңғырып, дұшпандар бұл жолы да сәтсіздікке ұшырады»,- деді.
Сақшылар Корпусы Бас қолбасшысының орынбасары сегіз жылдық қасиетті қорғаныс жылдары мен ирандық жаунгерлердің БААС күштері алдындағы жанкештілігін толық масштабты әлемдік соғыс деп атады.