Сауд Арабиясы Йеменде қылмысты АҚШ-тың қолдауымен жасауда
https://itolqyn.com/news/iran-i30475-Сауд_Арабиясы_Йеменде_қылмысты_АҚШ_тың_қолдауымен_жасауда
Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің басшысы аятолла Ахмад Джаннати дүйсенбі күні: «Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауымен Йеменде мыңдаған адамның қанын төкті»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 05, 2017 14:56 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Йеменде қылмысты АҚШ-тың қолдауымен жасауда

Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің басшысы аятолла Ахмад Джаннати дүйсенбі күні: «Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауымен Йеменде мыңдаған адамның қанын төкті»,- деді.

Сауд Арабиясының әскери шабуылы осы уақытқа дейін 12 000-нан астам йемендіктің қаза болуы мен ондаған мың адамның жарақат алып, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына себеп болды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, аятолла Ахмад Джаннати сондай-ақ Палестина мәселесіне тоқталып: «ИИР-ның қолдауы Палестинаны сақтап қалды»,- деді.

ИИР әрқашан сионистік режимнің Палестинаның жәбір көрген халқына қарсы қылмыстарын айыптап, палестиналықтарға қолдау көрсетіп келеді. Палестиналық топтар да Палестина халқы мен бұл елдің мақсаттарын қолдағаны үшін Иранға алғыс айтты.