Аймақтың тұрақсыздығы Палестина мәселесіне немқұрайдылық танытуға себеп болуда
https://itolqyn.com/news/iran-i30476-Аймақтың_тұрақсыздығы_Палестина_мәселесіне_немқұрайдылық_танытуға_себеп_болуда
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани: «Ислам мемлекеттерінің көбі қауіпсіздік және лаңкестік мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Сол себепті, кейбір саясаткерлердің пікірінше, Палестина мәселесіне немқұрайдылық танылуда»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 05, 2017 15:06 Asia/Almaty
  • Аймақтың тұрақсыздығы Палестина мәселесіне немқұрайдылық танытуға себеп болуда

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани: «Ислам мемлекеттерінің көбі қауіпсіздік және лаңкестік мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Сол себепті, кейбір саясаткерлердің пікірінше, Палестина мәселесіне немқұрайдылық танылуда»,- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Мәжіліс өкілдерінің алдында аймақтың өзгерістеріне тоқталып: «Аймақ пен аймақтың сыртындағы кейбір үкіметтер Иранды саяси тұрғыдан оқшауландырып, Иран өзінің Палестина, Сирия, Йемен, Бахрейнге қатысты ұстанымы мен лаңкестікпен күрес мәселесінде жалғыз қалды деп айтпақ болды. Бірақ, сәтсіздікке ұшырады. АҚШ үкіметіндегі өзгерістер мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы уәждері Иранды оқшауландыруды көздегенімен, Иран халқының 2017 жылдың мамыр айының 19 күнгі президенттік сайлауға жаппай қатысуы АҚШ-тың уәждеріне қатаң жауап болды. Иран халықаралық қоғамның үнсіздігімен кезіккен өткен айлардағы Мьянмадағы қылмыстарға қатысты ұстанымын білдіріп, Йемен мен Сирия және Бахрейн өзгерістері туралы өз көзқарасын сан рет жариялады. Бұл жайт Иранның әрқашан әрекет сахнасында екенін білдіреді»,- деп баса айтты.