Қыр 06, 2017 07:51 Asia/Almaty
  • Исламдық Иранның айбыны әртүрлі аспектілерге, соның ішінде ғылым мен технологияға ие

ИИР-ның Сыртқы істер министрі Зариф исламдық Иранның айбынының әртүрлі аспектілерге, соның ішінде ғылым мен технологияға ие екендігін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жыл сайын өткізілетін Теһранның «Парадайс» технопаркінің ең үздік жетістіктерінің фестивалі мен 15-ші саммитте сөйлеген сөзінде: "Өткен жылдары Иранның ғылым мен технология саласында орын алған өзгерістер ұлттық мақтаныш пен ИИР-ның жетістіктерін көрсету үшін өте маңызды. Іргелі ғылымға негізделген экономика –  ғаламдық нарықтарға қатысудың маңызды салаларының бірі. Бұл Исламдық Иранның қауіпсіздігі мен халықаралық беделін нығайтуда маңызды рөл атқарады",-деді.

 

Тегтер