Қыр 06, 2017 19:29 Asia/Almaty
  • Әлемнің бүгінгі қиындығы – экстремизм

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Теһранда Ватиканның Мемлекеттермен байланыс жөніндегі хатшысымен кездесуінде бүгінгі күннің қиындығын экстремизм деп атап, оның бір аймақпен шектелмейтінін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Ватиканның Мемлекеттермен байланыс жөніндегі хатшысы Пол Ричард Галлахермен кездесуінде діндер мен өркениеттер арасында диалог пен әсерлі ынтымақтастықтың қажеттігін айтып, Мьянмада рохинья мұсылмандарын жаппай өлтіру мен қудалауды тоқтату үшін барлық елдерден әріптестік жасап, көмектесуді сұрады.

Зариф, сондай-ақ, Иран мен Ватикан арасындағы ұзақ мерзімді құрметке негізделген қарым-қатынасқа тоқталып: "Иран басшылары әлемдегі католиктердің рухани жетекшісі Рим папасы Францисктің позициясы мен жеке басын құрметтейді",-деді.

 

 

 

Тегтер