Палестиналық топтардың өкілдері Сирияда Камал Харазимен кездесті
ИИР-ның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы басқыншы сионистік режимге қарсы палестиналықтардың интефазасының жалғасуын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР-ның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы Камал Харази жексенбі күні Дамаскте палестиналық күрескер топтардың өкілдерімен кездесуінде сионистік режимге қарсы Палестина халқының қарсыласу қозғалысының жалғасуына тоқталып, қарсыласуды жан-жақты күшейтіп, Палестинаның ағымдағы интефазасын қолдау қажеттілігін қуаттады.
Харази Иранның Палестина Автономиялық құрылымы мен сионистік режимнің тұйыққа тірелген келісімдеріне қарсылық білдіргенін еске салып: «Бұл режиммен ымыраға келіп, соларға жақындаған араб мемлекеттері шын мәнінде Палестина халқының басқыншылардан өз құқықтарын қайтару мақсаттары мен көтерілісіне қиянат жасады»,- деп қуаттады.
Палестиналық топтардың өкілдері де Харазимен кездесуінде Иран халқы мен үкіметін хиджри шамси күнтізбесінің 1395-ші жылының басталуы және Наурыз мейрамымен құттықтап, Ислам революциясының жетекшісіне, Иран үкіметі мен халқының Палестинаның және әлемнің езгідегі басқа да халықтарына қолдау көрсеткеніне алғыс айтты.