Ислам революциясының жетекшісі ирандықтардың арасында кемсітушілік пен теңсіздіктің болмауы қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 07 Sep 2017 08:30:39 GMT )
Қыр 07, 2017 14:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі ирандықтардың арасында кемсітушілік пен теңсіздіктің болмауы қажеттігін қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Захедан қаласындағы сүнниттердің «Дар ул-олум» діни оқу орталығы басшысының хатына жауап беріп: «ИИР-ның барлық билік тармақтары діни тағылым мен Конституция бойынша ұлт, этнос пен мазхабқа қарамай, ирандықтар арасында кемсітушілік пен теңсіздіктің болмауын қадағалауға міндетті»,-деп қуаттады.

Захедан қаласындағы сүнниттердің «Дар ул-олум» діни оқу орталығының басшысы және Мәки мешітінің жамағат имамы Моулави Абдулхамид Исмаил Захи 2017 жылдың  тамыз айының екісі күні Ислам революциясының жетекшісіне жазған хатында Ирандағы сүнниттердің кейбір қиындықтарын атап, жетекшіден осыған қатысты бұйрық беруді сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің басшысы Мұхаммад Мұхаммади Гүлпайгани тарапынан Моулави Абдулхамидке жарияланған хатта: «Барша бір-бірінің жанында ортақ сапта исламдық Иранның абырой-беделін арттыру жайлы ойлап, сол жолда талпыныс жасап, дұшпандарға ортақ сапқа іріткі салуға жол бермеуі қажет»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Моулави Абдулхамидтің ИИР жүйесіне қызығушылық танытып, Иран мен Ислам революциясының биік мақсаттарын қорғап, қолдау білдірген сөзіне алғыс айтып: «Ислам тағылымдарынан шабыт алып,  Конституцияның баптарына арқа сүйеу арқылы барлығымыз ирандық ретінде елдің дамуы мен ұлттық мүддені қамтамасыз ету мен  бірлік пен біртұтастықты нығайту жолында қадам жасап, діни және ұлттық міндеттерді орындауға атсалыса аламыз»,-деп қуаттады.  

 

Тегтер