Иран Ислам революциясы жетекшісінің имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне жиналған ондаған мың халықтың алдында сөйлеген сөзінде әлемдік үстемшілердің қазіргі саясаттары туралы: «Осы уақыттағы АҚШ-ның саясаттары Иран халқын АҚШ-пен келісімге келуге немесе АҚШ-ның қысымдарын қабылдауды талап етіп отыр.
Иран халқы осы екі жолдың біреуін таңдауы керек. АҚШ-пен келісімге келу, яғни бұл үкіметтің айтқанын қабылдау. Біздің АҚШ-пен қайшылықтарымыз көп, олар шешілуі керек. АҚШ-тың пікірі бойынша, қайшылықтарды шешу үшін ИИР өз негіздері мен «қызыл сызықтарынан» бас тартуы керек. АҚШ Ислам республикасын аймақтың езгіге түскен халықтарынан, әсіресе Палестина, Газа, Йемен мен Бахрейн халықтарына көмектесіп, саяси қолдау көрсетуінен бас тартқыздырғысы келеді»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге аймақтың кейбір үкіметтерінің сионистік режиммен келісімге келуіне тоқталып: «Олар ИИР-ның да сионистік режжиммен келісімге келуін қалайды»,- деп ескертті.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың ядролық мәселе мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекетіне тоқталып: «АҚШ ядролық келісімдегі уәдесінде тұрмады, санкциялар әлі жалғасуда. АҚШ Ираннан Ислам мен исламдық жүйенің мақсаттарына табанды болмауды талап етеді. АҚШ-тың талабы еш уақытта орындалмайды»,- деп қуаттады.
Иран халқының зорлық-зомбылыққа қарсы тұруы тек бір ұран емес. Бұл қарсылық исламдық республика жүйесінен айқын байқалады. Иран еш уақытта «қызыл сызығынан» өтпейді және билікқұмарларға саяси, экономикалық немесе әскери қысымдарымен Иранды өз мақсаттарынан бұрмалауға рұқсат бермейді. АҚШ өзінің санкцияларын жалғастыруға күш салуда. АҚШ Қаржы министрлігі үлкен компаниялар мен үлкен банктерге Иранмен қарым-қатынас орнатуға кедергі жасауда. АҚШ-тың мұндай әрекеті Иранға қарсы дұшпандығының жалғасуын көрсетеді.
ИИР Ислам революциясының жеңіске жетуінен кейінгі 37 жылдың ішінде билікқұмар елдердің қастықтарына қарсы тұрып, өз мақсаттарынан бас тартпайтынын дәлелдеді. Иран халқы барлық салаларда іс жүзінде егер халық ғиззаты, болмысы, қауіпсіздігі мен мүдделеріне ие болғысы келсе, өзіне сенімді әрі табанды болуы қажет екенін көрсетті.