Адам құқығын қорғаушы ұйымдар Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарға үнсіздік танытып отыр
(last modified Mon, 11 Sep 2017 17:01:39 GMT )
Қыр 11, 2017 23:01 Asia/Almaty
  • Адам құқығын қорғаушы ұйымдар Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарға үнсіздік танытып отыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Адам құқығы жөніндегі фракциясы Мьянма мұсылмандарына қарсы геноцидті айыптап, адам құқығы қоғамдарының Мьянма армиясы мен буддистерінің қылмыстарына үнсіздік танытып отырғанын сынады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша,  Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Адам құқығы жөніндегі фракциясы дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап: «АҚШ пен Сауд Арабиясының долларлары адам құқығы қоғамының рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстарға үнсіздік танытуына себеп болуда»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф та: «Халықаралық қауымдастықтың рохинья мұсылмандары геноцидінің баршаның көз алдында жалғасуына рұқсат беруін ешбір ақтауға келмейді» деген болатын..

Тамыздың 25-нен осы уақытқа дейін Мьянма армиясының Ракхайн облысындағы мұсылмандарды басып-жаншуы мен соларға қарсы шабуылдарында алты мыңнан астам рохинья мұсылманы қаза болып, сегіз мың адам жарақат алды.