Аймақ мемлекеттерінің, соның ішінде Ауғанстанның мәселелері тек аймақ деңгейінде шешіледі
ИИР Президенті аймақ мемлекеттерінің, соның ішінде Ауғанстан мәселелерінің тек аймақ деңгейінде шешілетінін, еш уақытта аймақтың сыртындағы бөгде күштер тарапынан шешілмейтінін қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Пәкістан Сыртқы істер министрі Ходже Мұхаммад Асефпен Теһрандағы кездесуінде: «Аймақ мемлекеттері, әсіресе Иран мен Пәкістан аймақта қауіпсіздік, тұрақтылық және тыныштық орнатылу үшін ынтымақтастық жасауы керек»,- деді.
Рухани Иран мен Пәкістан арасындағы лаңкестікпен күрес және екі елдің ортақ шекараларындағы қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастықтарын арттыру қажеттігін баса айтып: «Шекаралардың қауіпсіздігін нығайтып, оларды экономикалық-сауда шекараларына айналдыру, осы аймақтарда шекара нарықтарын құру екі халықтың мүддесін көздейді әрі аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздік негіздеріне сай»,- деді.
Пәкістан Сыртқы істер министрі Ходже Мұхаммад Асеф те кездесуде елінің Иранмен жан-жақты қарым-қатынастарын дамытқысы келетінін мәлімдеп: «Аймақ мемлекеттерінің мәселелерін шешу аймақ елдерінің, әсіресе Иранның қатысуын қажет етеді. Бөгде мемлекеттердің ешбір әрекеті мәселені шешпейді»,- деді.