Назарбаев: Халық тағы «Нұр Отан» партиясына сенім білдірді
Қазақстан Президенті халықтың «Нұр Отан» партиясына тағы сенім білдіріп, Парламенттегі орындардың көбін аталмыш партияның ықтиярына бергеніне алғыс айтты.
«Фарс» ақпарат арнасының мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні Қазақстанның парламенттік сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланған соң «Нұр Отан» партиясының Астанадағы сайлау штабында Қазақстан халқының тағы да «Нұр Отан» партиясына сенім білдіргенін мәлімдеді. Президент Қазақстандағы Парламенттік сайлаудың ашық және тыныш жағдайда өткеніне тоқталып, халықтың «Нұр Отан» партиясына сенім білдіргеніне алғыс айтты.
Назарбаев Қазақстан халқының мұндай таңдаумен үкіметтің қазіргі жүйесі мен бағдарламаларын қолдағанына тоқталып: «Бұл мәселе біздің міндеттерімізді бұрынғыдан қиындата түседі. Біз халықтың сенімін ақтауымыз керек»,- деп қуаттады.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, облыстар және Астана мен Алматы қалаларынан түскен бастапқы мәліметтер негізі бойынша, сайлауға қатысқан партиялар дауыстың төмендегі пайызына ие болған: «Нұр Отан» партиясы – 82,15, Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 7,14, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7,18, «Бірлік» саяси партиясы – 0,29, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 1,18, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2.