Иранның көмектері рохинья босқындарына Бангладеш арқылы жеткізіледі
(last modified Wed, 13 Sep 2017 08:49:57 GMT )
Қыр 13, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Иранның көмектері рохинья босқындарына Бангладеш арқылы жеткізіледі

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Мұхит елдері жөніндегі орынбасары Ибрахим Рахимпур басқарған ирандық делегацияның бейсенбі күні Бангладешке аттанатынын хабарлап, бұл делегацияның ИИР-ның гуманитарлық көмектерін Мьянма мұсылмандарына жеткізетінін айтты.

Бахрам Ғасеми сейсенбі күні «Фарс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында аталмыш топпен бірге Бангладешке ИИР-ның Қызыл Жарты Ай ұйымы тобының аттанатынын мәлімдеп: «Иранның рохинья босқындарына жіберген көмектері Бангладеш арқылы жеткізіледі»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бангладеш үкіметі келіскен жағдайда Иранның сол елде рохинья босқындары үшін лагерлер мен далалық госпиталь ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Ғасеми Иран Сыртқы істер министрінің келесі аптада Нью-Йоркке сапармен баратындығына тоқталып: «Мұхаммад Джавад Зариф кейбір елдердің басшыларымен кеңесуін жалғастырып, БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йорктегі отырысы аясында соған қатысатын басқа елдердегі әріптестері және басшылармен кездесіп, рохинья мұсылмандарының жағдайы туралы мәселені ортаға салады»,- деп мәлімдеді.