Хаменеи әлемдік қауымдастықтың Мьянмадағы апатқа шара қолданбай отырғанын сынады
(last modified Wed, 13 Sep 2017 09:40:57 GMT )
Қыр 13, 2017 15:40 Asia/Almaty
  • Хаменеи әлемдік қауымдастықтың Мьянмадағы апатқа шара қолданбай отырғанын сынады

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше, сейсенбі күні таңертең діни шәкірттердің фикқтан тыс сабақтарының басында әлемдік қоғам мен адам құқығы туралы уәж айтушылардың Мьянмадағы апатқа үнсіздік танытып, шара қолданбауын сынап: «Мьянма мәселесін шешу үшін мұсылман елдер іс жүзінде шара қолданып, Мьянманың рақымсыз үкіметіне саяси және экономикалық тұрғылардан қысым көрсетуі керек»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі  исламдық үкіметтердің іс жүзінде әрекет етуі қажеттігін қуаттап: «Әрине, іс жүзінде әрекет жасау әскери шара қолдану дегенді білдірмейді. Мьянма үкіметіне саяси, экономикалық және сауда қысымдарын арттырып, халықаралық деңгейде олардың қылмыстарын әшкерелеу керек»,- деді.

Мьянма мәселесі және рохинья мұсылмандары ұшырап отырған зорлық-зомбылықтардың тамыры мұсылмандарға қарсы геноцид пен тарихи зұлымдықтың қабаттарында жатыр. Ислам үмбеті бұл зорлық-зомбылықтарды Палестина мәселесі және қылмыскер сионистер мен лаңкестердің рақымсыз шабуылдары барысында бастан өткерді. Бүгін ислам әлемі бұл оқиғаның Мьянмада қайталануына куә болып отыр. Негізінде сионистер мен АҚШ және үстемшіл британиялықтардың осы апаттағы рөлі айқын. Оған немқұрайдылық танытуға болмайды.

Ислам революциясының жетекшісі Мьянмадағы апатты мұсылмандар мен буддистердің арасындағы мазхаби қақтығыс деп сараптауды бұрыс деп атап: «Бұл оқиғаға мазхабтық ырымшылдық ықпалын тигізген болар, бірақ, бұл – саяси оқиға. Өйткені, оның факторы – Мьянма үкіметі. Бұл үкіметті Нобель сыйлығына ие болған рақымсыз әйел  басқарып отыр. Негізінде, ол өз әрекеттерімен бейбітшілік саласында берілетін сыйлығын жойды»,- деді.

Өкінішке орай, рохинья мұсылман қоғамының тұрмысы билік басына Аун Сан Су Чжи келгеннен бері жақсармай, керісінше одан сайын нашарлай түсті. Бұл – саяси мәселелердің сарапшыларының көбі оған назар аудармайтын немесе оны ұмыт қалдырып келе жатқан шындық. Мьянма мәселесі тек бір миллион рохинья мұсылмандарының тағдыры ғана емес, бұл лаңкестік пен экстремизмнің жапсырмасын жабыстырған Ислам мен ислам қоғамына қарсы қастықтардың бір бөлігі.

Рохинья мұсылмандары бетпе-бет келіп отырған азап-қорлықтар мен зорлық-зомбылықтарды қалай түсіндіруге болады? Тамыздың 25-нен осы уақытқа дейін Мьянма армиясының бұл елдің мұсылмандарына қарсы шабуылдары мен басып-жаншулары салдарынан алты мыңнан астам адам қаза болып, сегіз мыңнан астам адам жарақат алды. БҰҰ мен Адам құқығы кеңесі сынды халықаралық органдар бұл апатты тоқтатуға шара қолданып отырған жоқ. Осы мәселелердің барлығын қуаттап, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи БҰҰ Бас хатшысының Мьянмадағы қылмыстарды тек айыптаумен шектелгенін сынап: «Кейде бір елдегі қылмыскерге өлім жазасы қолданылғаны үшін шу көтеріп, жанжал шығаратын адам құқығы туралы уәж айтушылар Мьянманың ондаған мың адамының қырылып, босқынға айналуына қатысты ешбір шара қолданбай отыр»,- деді. 

Ендігі тарихи жауапкершілік ислам елдерінің мойынында. Сондықтан, ислам әлемі Мьянмаға қатысты айқын әрі қатаң ұстаным білдіруге міндетті.

 

 

Тегтер