Қыр 17, 2017 08:24 Asia/Almaty
  • Иран және Бельгия парламенттерінің басшылары Теһранда кездесті

Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы мен Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Теһранда кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мен Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Зигфред Брэйк сенбі күнгі Теһрандағы кездесуде екіжақты ортақ тақырыптар төңірегінде,  сондай-ақ,  аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір  алмасты.

Сонымен қатар, Лариджани мен Брэйк ИИР мен Бельгияның парламентаралық ынтымақтастығы мен экономикалық байланыстарын  нығайту жөнінде сөйлесті.

Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы сенбі күні таңертең ИИР басшыларымен кездесу үшін Теһранға келді.

 

 

 

Тегтер