Теһрандағы діни оқу орындарының шәкірттері мен ұстаздары Мьянмадағы мұсылмандардың қырғынын айыптады
(last modified Sun, 17 Sep 2017 02:39:16 GMT )
Қыр 17, 2017 08:39 Asia/Almaty
  • Теһрандағы діни оқу орындарының шәкірттері мен ұстаздары Мьянмадағы мұсылмандардың қырғынын айыптады

Теһрандағы діни оқу орындарының шәкірттері мен ұстаздары Мьянмадағы мазлұм мұсылмандарды қолдап, Теһран қаласындағы БҰҰ өкілдігінің алдына жиналды.

Теһрандағы діни оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттері сенбі күні өткізген жиында Мьянмадағы күнәсіз мұсылмандардың қырып-жойылуы мен соған қатысты БҰҰ-ның үнсіздігін айыптайтын ұрандар айтты.

Діни оқу орындарының шәкірттері жиынның соңындағы мәлімдемеде  БҰҰ мен Ислам елдерінің, сонымен қатар ИИР басшыларының Мьянма мұсылмандарының қырып-жойылуы тақырыбына назар аударуы қажеттігін қуаттады.

Мьянма армиясының осы елдің батысында орналасқан Рахкайн провинциясындағы  рохинья мұсылмандарына қарсы 25 тамызда бастаған шабуылдары салдарынан  мыңдаған адам өлтіріліп, жараланып, 400 000-нан астам адам босқындыққа ұшырады.