Көптеген мемлекеттер Иранның экономикасына атсалысуды қалайды
(last modified Sun, 17 Sep 2017 14:13:08 GMT )
Қыр 17, 2017 20:13 Asia/Almaty
  • Көптеген мемлекеттер Иранның экономикасына атсалысуды қалайды

Иранның Орталық банкінің Бас директоры Иранның экономикасын қаржымен қамтамасыз ету үшін көптеген сұраныстардың бар екенін, мемлекеттердің көбінің Иранның экономикасына атсалысқысы келетінін қуаттады.

Иран Орталық банкінің Бас директоры Валиолла Сейфи: «Алдағы күндер мен апталарда Иранды шетелдік инвестициямен қамтамасыз ететін жаңа келісімдерге қол қойылады. Жаңа инвестициялармен Иранда жұмыс орындары мен өндіріс орындарын ашу үшін орынды жағдай жасалады. Бүгінде шетелдік мемлекеттердің қаржымен қамтамасыз ету туралы келісімдеріне куә болып отырмыз. Сондай-ақ, Иранның экономикасына инвестиция салу туралы сұраныс көп»,- деді. Ол сонымен бірге келешекте Иранның экономикасына шетелдік инвестицияның салынатыны туралы хабарлап, бұл жағдайды үкіметтің макроэкономикалық мақсаттар мен қарсыласу экономикасының саясатын іске асыру саласындағы үйлесімділік жұмыстарының белгісі деп атады.

Иранның Орталық банкінің Бас директоры өткен жылдары қарсыласу экономикасының ирандық барлық басшылардың басты назарында болғанына тоқталып: «Иран үкіметі мен Ислам Кеңесінің Мәжілісі әртүрлі саясаттар мен бағдарламалар арқылы қарсыласу экономикасын іске асыруды көздеді»,- деп қуаттады.

 

 

 

 

Тегтер