«Ортақ қадамға» қатысты кез келген ағат әрекет Иранның қарсы реакциясымен бетпе-бет келеді
Барлық күштердің мәртебелі қолбасшысы: «Иран халқы мықты тұр. Үстемшіл жүйенің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты кез келген ағат әрекеті ИИР-ның қарсы реакциясымен бетпе- бет келеді»,-деді.
Барлық күштердің мәртебелі қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Иранның Ішкі істер Министрлігі университетінің студенттеріне диплом беру рәсімінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты дөрекілігі мен ұятсыздығына сілтеме жасап: «АҚШ «Ортақ қадамға» байланысты күн сайын бір зұлымдық пен сұрқиялық ойлап табады. Бұл АҚШ-ты «үлкен шайтан» деп атаған имам Хомейнидің сөзінің шындығын көрсетеді. Шын мәнінде, АҚШ режимі «шайтандардың ең сорақысы».
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының барлық келісімдері, міндеттемелері мен пікір-таластарға қарамастан АҚШ-тың бұл келіссөздер мен оның нәтижелеріне деген қатынасы толығымен әділетсіз, күш көрсету, қоқан-лоққы жасау сипатына ие.
Америкалықтар Иран халқының шарапатты да мықты ұстанымдарынан таймайтынын, ұлттық мүддеге қатысты маңызды мәселелелерде ИИР-ның сөздігінде артқа шегіну деген сөздің болмайтынын, тек алға ғана ілгерілейтінін білуі тиіс» деп қуаттады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иранға деген күн сайын артып отырған дұшпандықтың себебін басқа кейбір халықтарға шабыт сыйлады деп атап: «АҚШ-тың бұзылған, өтірікші, сұрқия басшылары Иран халқы мен Ислам режимін өтірікші деп жалған айыптайды. Иран халқы адал әрекет жасап, осы жолды аяғына дейін адал жүріп өтеді»,-деді.
Барлық күштердің мәртебелі қолбасшысы АҚШ пен сионистік режимнің аймаққа ықпал ету үшін жасайтын зұлымдық араласушылықтары мен өз мүдделерін қамтамасыз етіп, халықтарды әлсіретудегі заңсыз әрекеттеріне тоқталып: «Олар бір күні ДАИШ-ты қалыптастырды. Енді қарсыласу қозғалысы мен мүмін жастардың талпыныстарымен ДАИШ-тың соңғы демі таусылар кезде басқа сұрқия жол іздеуге көшті»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи ықпалды, ашкөз, әсіресе АҚШ секілді үстемшіл елдермен қарсыласудың жалғыз жолын аймақ халықтары мен мемлекеттерінің әлеуеттілік сезімі және соны іске жаратуы деп атап: «Егер аянып қалсақ, дұшпан батылдана түседі» деді.