Зариф: Трамптың ерсі сөздері оның жұртты алдамақ ниетінің белгісі
(last modified Wed, 20 Sep 2017 08:20:11 GMT )
Қыр 20, 2017 14:20 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамптың ерсі сөздері оның жұртты алдамақ ниетінің белгісі

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген дипломатияға қайшы сөзіне реакция білдіріп: «Трамптың сөздерінің құнсыз әрі мағынасыз болғаны соншама, оған жауап беруге де тұрмайды.

ИИР-ның ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ лаңкестікпен күресіне немқұрайдылық таныту Трамптың хабарсыздығының тереңдігі оның жұртты алдамақ ниетін көрсетеді. Трамптың құнсыз сөздері АҚШ үкіметінің қылмыскер сионистік режим мен аймақтағы диктатуралық режимдерді қолдауы, сонымен қатар, лаңкестік топтарды құрып, оларды күшейтуі әлемдіктердің АҚШ үкіметіне сенімсіздік білдіріп, оны оқшаулаудан басқа нәтижеге жеткізбейді»,- деді.