БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінде Израильдің қылмыстары айыпталды
(last modified Wed, 23 Mar 2016 12:37:18 GMT )
Нау 23, 2016 18:37 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінде Израильдің қылмыстары  айыпталды

БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіндегі Иранның өкілі сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын айыптады.

Иран Телерадио ұйымының сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіндегі Иранның өкілі Захра Аршади Женевада Палестина мен басқа да басып алынған араб жерлеріндегі адам құқығының жағдайын қарастыруға арналған отырыста халықаралық қауымдастықтан Израиль режиміне қарсы ықпалдырақ шара қолдануды сұрап: "Палестинаның бейкүнә халқын өлтіру, инфрақұрылымдар мен палестиналықтардың үйлерін қирату сионистік режимнің халықаралық гуманитарлық және адам құқығы заңдарын, сондай-ақ, БҰҰ-ның қарарлары мен Женева конвенциясын әшкере түрде бұзуының айқын үлгісі болып табылады" деді.

Аршади Израиль режимінің БҰҰ-ның арнайы өкілімен әріптестік жасаудан бас тартуына алаңдаушылық білдіріп: "Израиль халықаралық қауымдастықтың басып алынған Палестина жерлеріндегі гуманитарлық апатты тоқтату үшін жасап жатқан барлық талпыныстарын келемеждеп отыр" деді.

Ол халықаралық қауымдастықтан бірлесе отырып адамзатқа қарсы әрі соғыс қылмыстарын жасап отырған Израильдің қайраткерлерін беделді халықаралық ұйымдарда жауапқа тартуды сұрады.